№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Жоспар | |
2 | Талдамалық анықтама |
Білім саласындағы адалдық - болашақтың кепілі
Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Әсіресе, адам капиталы қалыптасатын білім саласында бұл мәселенің маңызы ерекше. Себебі мұндағы әрбір теріс қадам - тұтас ұрпақтың санасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек жаза қолданумен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы - санаға серпіліс әкелу, парасаттылық идеологиясын қалыптастыру. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында "Адал ұрпақ", "Саналы ұрпақ" жобалары жүзеге асырылып келеді. Мұндай бастамалар оқушылардың бойында әділдік пен адалдықты, жауапкершілік пен шыншылдықты дамытуға бағытталған.
Білім бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің ашық әрі қолжетімді болуы - басты басымдықтардың бірі. Әрбір ата-ана мен педагог білім саласындағы кез келген үдерістің заң аясында жүзеге асуына сенімді болуы керек.
Ұстаз - жас ұрпаққа жол көрсетуші, бағыт беруші тұлға. Ал ұстаздықты адалдықпен ұштастыру - шын мәнінде үлкен жауапкершілік. Қоғамның әр мүшесі, әсіресе мұғалімдер мен білім саласының басшылары адал еңбек етіп, парасатты бола білсе, еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - жалғыз ведомстволық міндет емес, ол - баршамыздың азаматтық борышымыз.
Білім бөлімінің басшысы А.Есалин
2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай - ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация - «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына…
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі» ММ-сімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05.2025ж.-01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған орай ағымдағы жылдың 26-30 мамыр аралығында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша аталған уақыт аралығында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі» ММ-нің бөлімінің бас маманы Жилкаева Айгерим Серкбаевнаға келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8(71331) 21063
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» Мәртөк аудандық білім бөлімі ММ-сі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05.-2025ж.- 01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе облысының білім басқармасы» Мәртөк аудандық білім бөлімі ММ-нің бөлімінің заңгері Ербатыров Наурызбек Берикбайулы келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 - (71331) 21963.
№ | Аты | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Заң Сыбайлас Жемқорлық | .docx |