Мектепке дейінгі тәрбие
1568 контингенті бар мектепке дейінгі ұйымдар желісі 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 20 балабақша ( 7 -Мемлекеттік, 13- жеке меншік) және 148 контингенті бар 10 мектеп жанындағы шағын орталық.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91,8% құрайды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%.
Аудан бойынша 1 жастан 3 жасқа дейінгі балабақшаларға кезек бар. Мәртөк және Саржансай ауылдарында.
Қазіргі таңда карантин кезінде 20 балабақша бойынша 49 кезекші топта 741 тәрбиеленуші қамтылып отыр, 1 кезекші топта 15 баладан аспайды. Қатысым 52,0% .Оның ішінде 32 кезекші топта 479 бала жеке меншік балабақшаларында отыр. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар қатаң сақталуда.
Әдіскер
М.Шауменова,22-0-58