- Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ (бұдан әрі – Сараптамалық топ) тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялардың) қызметінің тиімділігіне жүйелі талдауды жүзеге асырады және балалардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Сараптамалық топтың міндеттері:
- бракераждық комиссиялар қызметінің мониторингі;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылау;
- өңірдегі балалардың тамақтануын ұйымдастыру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- байқаушылар ретінде қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;
- өңірдің білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзған қызметтерді жеткізушілердің есебін жүргізу.
- Сараптамалық топ адалдық, құзыреттілік, парасаттылық және ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.
- Сараптамалық топ келісім бойынша әкім аппаратының, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму істері жөніндегі басқармалардың, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңестердің, саяси партиялардың, ата-аналар қоғамдастығының, сондай-ақ балалық шақ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Топтың құрамы қажет болған жағдайда өзгеруі мүмкін.
Сараптамалық топты білім басқармасының басшысы басқарады.
Сараптамалық топтың төрағасы немесе төрағасының орынбасары жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның қызметін үйлестіреді және Сараптамалық топқа жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.
Сараптамалық топтың хатшысы Сараптамалық топтың мүшелерін және шақырылғандарды отырыстың күні, күн тәртібі және басқа да мәселелер туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді, Сараптамалық топтың мүшелеріне шешімдердің жобаларын және өзге де құжаттарды жіберуді жүзеге асырады.
Сараптамалық топ мүшелерінің саны кемінде 7 адам, оның ішінде ата-аналар қауымдастығынан кемінде 3 адам болуы тиіс.
Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту ұсынылады.
Сараптамалық топтың түрі:
- аудандық;
- қалалық;
- облыстық.
- Сараптамалық топ өз қызметін:
- Сараптамалық топтың отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекітетін жоспарға;
- мониторингтің жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдардың отырыстары мен мониторингін Сараптамалық топ қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізеді және егер оларға оның мүшелерінің 1/3 бөлігі қатысса, заңды болып саналады.
Сараптамалық топ келесі бару жоспарына сүйене отырып, тамақтану сапасын ұйымдастыру бойынша мониторингтің жоспар-кестесін жасайды:
- қалалық / аудандық Сараптамалық топ оқу жылы ішінде білім беру ұйымдарының 100%-на барады (тоқсанына 25%);
- облыстық Сараптамалық топ оқу жылы ішінде өңірдің білім беру ұйымдарының кемінде 28%-ына (тоқсанына 7%) барады.
Сараптамалық топтың шешімі қатысушы мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады және тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың актісімен ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Білім беру ұйымдарына барған кезде Сараптамалық топ білім беру ұйымының басшысын, қызметті жеткізушіні (бар болса) білім басқармасының мониторинг жүргізу туралы бұйрығымен таныстырады.
Сараптамалық топтың жұмыс нәтижелері туралы білім беру мекемесі, ата-аналар комитеті, қызметті жеткізуші (бар болса) хабардар етіледі.
- Сараптамалық топ мынадай функцияларды орындайды:
- өңірдің білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру үшін өнім ассортиментінің мониторингін жүргізеді. Бұл үшін актіге сәйкес тиісті құжаттама мәліметтерінің дұрыстығын салыстырып тексеруге құқылы;
- нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тамақтану рационын сапалы жақсарту, білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қауіпсіз және теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар қабылдайды, тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін тамақ дайындау процесінде пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасын куәландыратын тиісті құжаттардың болуына мониторинг жүргізеді;
- фото-бейнетіркеу құралдарын пайдалана отырып, терапевт қорытындысымен флюро тексеруден өткені туралы анықтама болған кезде бір өкіл қол жеткізе отырып, ас блогын, қойма үй-жайларын, технологиялық жабдықты және т. б. көзбен шолып тексеру;
- қажет болған жағдайда Сараптамалық топ алдыңғы күндердегі бейнежазбаны (бар болса) қарауды жүзеге асырады;
- тамақтануды ұйымдастыру және сапасы бойынша балалардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) пікірін зерделеу.
- Сараптамалық топ:
- балалардың тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссия мүшелерін тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша олардың қызметі туралы тыңдауға;
- бұзушылықтар анықталған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тиісті өтінішпен жүгінуге;
- балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау, тиісті құжаттаманы жүргізу жөніндегі міндеттерді орындау бойынша білім беру ұйымының әкімшілігін тыңдауға;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) тамақтануды ұйымдастыру және оның сапасы туралы жұмысқа берген бағасын қамтитын шағымдарымен танысуға, олар бойынша түсініктеме беруге;
- қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде конкурстық комиссияға бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.
- Сараптамалық топтың мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сараптамалық топтың тамақтанудың ұйымдастырылуына және сапасына мониторинг жасаумен айналысатын мүшелері актілерде ұсынылған фактілердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
- Сараптамалық топтың қызметін регламенттейтін қажетті құжаттама:
- Сараптамалық топтың құрылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- Сараптамалық топтың бір жылға арналған жұмыс жоспары;
- отырыстар хаттамалары;
- жоспар-кесте;
- мониторинг актісі (ай сайынғы бақылау);
- жыл қорытындылары бойынша қызметті талдау.